539

Әйел 7 айлық сәбиін қайнаған сорпаға түсіріп алды

Дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр.

Әйел 7 айлық сәбиін қайнаған сорпаға түсіріп алды
Tomás Llamas Quintas / Dreamstime.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Подмосковье облысы, Одинцово қаласындағы Лесной поселкесінде қайғылы жағдай орын алды. Әйел адам 7 айлық сәбиін қолында ұстап отырып, оны кездейсоқ қайнап тұрған сорпаға құлатып алды. Бұл туралы Telegram-арна 112 хабарлады.

Анасының айтуынша, ол тамақ әзірлеп жатқан кезде бала қолында болған. Сәби сорпаға құлаған сәтте денесінің 90% күйіп кеткен.

Баланы жедел түрде ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор