Маңғыстауда танымал видеограф 13 жасар баланы зорлады деген күдікпен ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
25.11.2025, 15:57
398
Маңғыстауда танымал видеограф 13 жасар баланы зорлады деген күдікпен ұсталды Светлана МАКОВЕЕВА / kp.ru

29 жастағы ер адамның үстінен іс қозғалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында дрон-оператор әрі видеограф ретінде танылған азаматтың қамауға алынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғаға қатысты мән-жайды облыстық полиция департаменті растады.

Бұл хабарды Instagram-да блогер Азамат Сарсенбаев жариялап, танысы деп сипаттаған видеографтың екі апта бұрын қамауға алынғанын жазған. Оның айтуынша, бастапқыда іс «зорлау» дерегі бойынша қозғалғаны айтылса, кейін кейбір дереккөздер арыздың кәмелетке толмаған ұл балалардан түскенін жеткізген. Блогер олардың бірінің жасы небәрі 13 деп мәлімдеді.

Полиция департаментінің дерегінше, 2025 жылғы 4 қарашада құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет бойынша арыз түскен.

Ведомствоның мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген. Күдікті анықталып, ұсталған. Сот шешімімен ол екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция барлық қажетті тергеу және процессуалдық шараларды жүргізіп, арыздағы уәждер тексеріліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

«Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне сай қолжетімді болған кезде ғана беріледі», — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ПД.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды