465

Талғарда өзінің 15 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Жасөспірім қыз пышақ жарақатынан қаза тапқан.

Талғарда өзінің 15 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
pixabay/soumen82hazra

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданында кәмелетке толмаған қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оның әкесін қамауға алды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға туралы хабарды отбасы мүшелерінің бірі берген. Үйге келген тәртіп сақшылары 15 жастағы қыздың денесін және қылмыс құралы болған пышақты тапқан.

Полиция күдіктіні оқиға орнында, алкогольдік масаң күйде ұстады. Ол қазір қамауға алынды.

Қыздың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс тергеліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Істің барысы облыстық полиция басшылығының бақылауында.

Бұған дейін Ақмола облысында да 14 жастағы қызды пышақтаған күдікті ұсталған еді.

Материал авторы