ЛГБТ жекеменшік мектептерде қарқынды насихатталып жатыр – Ардақ Назаров

12.04.2023, 13:18
735
ЛГБТ жекеменшік мектептерде қарқынды насихатталып жатыр – Ардақ Назаров pavon.kz

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров елімізде ЛГБТ-ны насихатын шектеу шараларын дереу қолға алу мәселесін көтерді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Біз экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармауымыз керек. Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен, дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет. Оны бәріңіз білесіз. Өздеріңізге мәлім, 8 сәуірде Астанада феминистер шеруі өтті. Бұл күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг болады деген. Бірақ, олай болмады, жиналғандар әйел теңдігін айтудан бастап, соңында гомосексуализмді насихаттады. Өрімдей балалар, арасында оқушылар да бар, ЛГБТ жалауын жамылып жүр. Жалпы, соңғы кезде еліміздің ақпарат кеңістігінде біржыныстық неке, гомосексуализм, жынысты ауыстыру секілді мәселелер еркін насихатталып жатыр», - деді Ардақ Назаров Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдай отырып.

Оның айтуынша, насихаттаушылардың артында Батыстың халықаралық ұйымдары тұр.

«Ең сорақысы, гей-пропоганда қазір Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың жекеменшік мектептерінде де өте қарқынды насихатталып жатыр. Мұны сондағы оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан ашық аңғаруға болады. Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады дейді атам қазақ. Өкінішке қарай, біз сол ауруды қоғамға жұқтырып алдық. Бұл бәлкім идеологияның әлсіздігінен шығар», - дейді ол.

Мәжіліс депутатының мәлімдеуінше, елімізде ЛГБТ-ны насихаттауды шектеуге қатысты дереу алдын алу шараларын қолға алу қажет.

«Қазір менің осы депутаттық сауалым жарияланысымен-ақ өз қандастарымыз жағамнан алатынын біліп отырмын, «толеранттық», «төзімділік» деген сөздерді қалқан етіп, әлеуметтік желілерде қаралайды. Осындай азаматтарға айтарым, ертең сіздің ұлыңыз келіннің орнына еңгезердей қызтекені үйге ертіп келсе, немесе аялап өсірген қызыңыз еркекшорамен «отау құрып» жатса, толерантты болып батаңызды бересіз бе? Мұндай азғындық өз отбасыңызға келсе төзесіз бе? ЛГБТ идеологиясы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тоз-тозын шығаруды көздейді деп білемін. Ал, дәстүрі мен руханиятынан айрылған ұлттың болашағы жоқ екені айдан анық. Ұлт құрыса – мемлекет құлайды», - дейді А. Назаров.

Сөз соңында Ардақ Назаров келесі ұсыныстарды назарға алуды сұрады:

- митингке келген балалардың ата-аналарынан сұрау алынсын,

- барлық платформаларда, соның ішінде әлеуметтік желілерде ұлттық мәдениетімізге сәйкес келмейтін фильмдер мен сериалдарды көрсетуге және насихаттауға тыйым салынсын,

- теріс ағымдарды насихаттайтын ақпарат көздерінен сақтайтын заң нормалары жасақталып, Парламентке қарастыруға енгізілсін,

- республика көлеміндегі оқу орындарында ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттау сабақтары оқытылсын.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады