SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды. Оны «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа солисті Ғалымжан Сүлейменге жасалған шабуылмен байланыстырып отыр.
Қазіргі таңда Ғалымжан Сүлеймен ауруханада жатыр. Ол мұрынға күрделі операция жасатқан. Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, әншінің мұрны мен қолында сыну бар, бетінде қатты ісіктер мен көгерген іздер қалған.
Сүлейменнің сөзінше, Шахзадаев бірнеше ер адаммен бірге оған топтық шабуыл жасаған. Оқиға авторлық құқық дауына байланысты кездесуге шақырған кезде орын алған. Жәбірленуші кетуге әрекет жасағанымен, соққыға жығылған.
Адвокат Инга Иманбай қылмыстық істі «Алдын ала сөз байласқан топпен орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру» ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлімі бойынша қарастыруды талап етіп жатыр. Бұл бап бойынша айыпталушыға 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Шахзадаев кеше ұсталған. Полиция шамамен 20 туысын тергеуге алған. Ал шабуылдан кейін полиция жәбірленушіні алдымен бөлімшеге жеткізген. Қазіргі кезде тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
RUS