Alibaba компаниясы ChatGPT-ге бәсекелес болатын өз чатботын шығарды

12.04.2023, 15:35
552
Alibaba компаниясы ChatGPT-ге бәсекелес болатын өз чатботын шығарды Kursiv.kz

Сейсенбі күні Қытайдың технологиялық алыбы Alibaba жасанды интеллектінің өз генеративтік моделі – ChatGPT чатботы жұмыс істейтін технологияның дербес нұсқасын таныстырды. Сонымен қатар ол жақын уақытта компанияның барлық қосымшаларына интеграциялау жүргізілетінін жеткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияда Tongyi Qianwen чатботын көп күттірмей Alibaba өнімдеріне интеграцияланатынын мәлімдеді. Бірақ оның нақты қай кезде жасалатынын ашып айтпады. Tongyi Qianwen ботының атауын «мың сұрақ қоя отырып, жауап іздеу» деп аударуға болады.

Alibaba осы жыл басында ChatGPT бәсекелесін құру бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатын.

«Біз генеративті жасанды интеллект пен бұлтты есептеулер әкелген шұғыл өзгерісті технологиялық кезеңде тұрмыз», - деп мәлімдеді Alibaba төрағасы және бас атқарушы директоры Дэниел Чжан Tongyi Qianwen-ді іске қосуға қатысты сөйлеген сөзінде.

Компания Tongyi Qianwen ағылшын тілінде де, қытай тілінде де жұмыс істеуге қабілетті екенін, алдымен DingTalk – Alibaba-ның хабар алмасуға арналған кеңселік қосымшасы ашылатынын айтты. Бот жұмыс жиналыстары мен кездесулері кезіндегі сөздерді жазып алады және оқып береді, іскерлік белгілер жасайды және электрондық хаттар жазады.

Alibaba-ның бұлтты компьютинг бөлімшесі клиенттер өздерінің мамандандырылған ауқымды тілдік модельдерін жасауы үшін Tongyi Qianwen-ге кіруіне жол ашуды жоспарлап отыр. Tongyi Qianwen пайдаланушыларын тіркеу жұма күні басталды.

«Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО) «Путин, сылтауратпашы!»: Зеленский Путинді 15 мамыр күні Ыстамбұлда шұғыл кездесуге шақырды «Күдіктілер 15 жаста»: Атырауда бір топ жасөспірім 2 балаға зорлық пен қастық жасаған (ВИДЕО) Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Құрбан айтта қанша күн демалыс беріледі? Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді Еуропаның төрт ел басшылары бітім тақырыбын талқылау үшін Киевке келді Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО)