Енді бірден бірнеше несие алуға болмайды
Несие рәсімдеу ережелері қатаңдады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжілістегі жұмыс тобы екінші оқылымға ұсынылған өзгерістерді қолдап, нормативтік актілерді нақтылауға бағытталған бастамаларды мақұлдады. Өзгерістер азаматтар мен бизнестің мүддесін қорғауды күшейтуді көздейді.
Басты түзетулердің бірі – заңды және жеке тұлғалардың шотына сыйақы есептеуге тыйымды алып тастау. Ал азаматтардың бірнеше банк немесе микроқаржы ұйымына бір сағат ішінде қатар несие өтінімі беруіне қойылған шектеу сақталады.
Жаңа талапқа сәйкес, несие бюролары алаяқтыққа қарсы Антифрод орталығына біріктіріледі. Екі немесе одан да көп банкке бір сағаттың ішінде берілген өтінімдер туралы ақпарат міндетті түрде ортақ базаға жіберіледі. Бұл механизм несие рәсімдеу кезінде жасалатын алаяқтық әрекеттерді анықтауға бағытталған.
Сондай-ақ бастапқы биометриялық деректерді жинау және электронды цифрлық қолтаңба беру тек клиенттің жеке қатысуымен жүзеге асады.
Материал авторы