Көкшетауда 6 күн бойы із-түзсіз кеткен әйел мен сәби табылды

26.11.2025, 16:37
736
Көкшетауда 6 күн бойы із-түзсіз кеткен әйел мен сәби табылды Ақмола облысы ПД

Үйінен шығып, хабарсыз кеткен әйел табылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда 20 қарашада үйден шығып, байланыссыз қалған 32 жастағы әйел мен оның кішкентай қызы алты күннен кейін аман-есен табылды. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын мәлімдеді.

Полицияға әйелдің туыстары арыз түсіргеннен кейін іздеу жұмыстары дереу басталған. Құқық қорғаушылар әйелдің жақын ортасын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Іздеуге еріктілер де қосылып, әлеуметтік желілерде ақпарат таратты.

26 қараша күні «Lider.kz» еріктілерінің көмегімен ювеналды полицияның аға учаскелік инспекторы Нәзира Тұрсимбаева жоғалғандардың болуы мүмкін мекенжайы туралы хабар алып, жедел жеткен. Пәтерде әйелдің таныстары тұрғаны анықталды, сол жерден ана мен бала табылған.

Қазір қыз бала ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тексеріп, денсаулығына қауіп жоқ екеніне көз жеткізбек.

Полиция еріктілерге және бейжай қарамаған тұрғындарға алғыс білдірді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды