592

АЕК өседі: жәрдемақы мен зейнетақы қайта есептелетін болды

Парламент жаңа бюджет бекітті. Енді кімнің табысы қаншаға көбейеді?

АЕК өседі: жәрдемақы мен зейнетақы қайта есептелетін болды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдап, келесі жылдан бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мөлшері өзгеретіні белгілі болды.

Жобаға сәйкес, 2026 жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге болып бекітілді. Бұл – биылғы 3 932 теңгеден едәуір жоғары.

Ал ең төменгі жалақы 85 000 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалады.

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер де қайта қаралды:

– ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 тг);

– ең төменгі базалық зейнетақы – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 тг);

– әлеуметтік төлемдерді есептеуге негіз болатын ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (биыл – 46 379 тг).

Үкіметтің айтуынша, құжаттың мақсаты – әлеуметтік міндеттемелерді орындау және макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау.

Материал авторы