403

Есту қабілеті жоқ таксисті алдап кеткен жігіт неге қашқанын түсіндірді (ВИДЕО)

Полиция резонанс тудырған күдіктіні бір күнде тапты.

Есту қабілеті жоқ таксисті алдап кеткен жігіт неге қашқанын түсіндірді (ВИДЕО)
Ақмола облысының ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана–Көкшетау бағытымен жүрген таксистке жолақысын төлемей қашып кеткен жолаушы анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиға 26 қараша күні әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін көпшілік талқысына түсті. Қоғам наразылығын тудырған жайттың бір себебі — такси жүргізушісінің есту қабілеті болмағаны.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушылық қылмыстық немесе әкімшілік құрамға жатпағанымен, полицейлер дерек жария болған сәттен-ақ жедел әрекет еткен. Жолаушының кім екенін анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп, сол күні ол ішкі істер органдарына жеткізілді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, құқық бұзушы — Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны. Ер адам жолақыны төлемей кеткенін мойындап, оны қаржылық қиындықтарымен түсіндірген. Полиция оған профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, такси ақысы толық өтелген.

Материал авторы