SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шемонаиха ауданында 96 жастағы қария қарақшының шабуылына ұшырады. 17 қарашада белгісіз ер адам жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне терезе арқылы кіріп, ақша талап еткен. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті мәлімдеді.
Оқиға «102» пультіне көршілердің айқайға қатысты шағымынан кейін белгілі болды. Полиция дереу жеткенде, әйелге күш қолданылғаны анықталды. Қарақшы жәбірленушінің аузы мен мұрнын қолымен басып, қорқытып, үйді тінтіп шыққан.
Алайда көршілердің дауысы мен қозғалысын естіген күдікті сескеніп, ештеңе ұрламай қашып кеткен.
Полиция күдіктіні оқиға ізі суымай ұстады. Ол — бұрын сотталған 43 жастағы жергілікті тұрғын. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
RUS