408

Алматыда қытайларға өзін полицеймін деп таныстырған бопсалаушылар ұсталды

Қылмыстық топ 5,5 млн теңге иеленген.

Алматыда қытайларға өзін полицеймін деп таныстырған бопсалаушылар ұсталды
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда өзін полицеймін деп таныстырып, Қытай азаматтарынан ақша бопсалаған топ ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, күдіктілер шетелдіктерден небәрі 5,5 миллион теңгеге жуық қаражатты иемденіп үлгерген.

Тергеу деректері бойынша, олар көшеде ҚХР азаматына жақындап, құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырған. Артынша ер адамды оның уақытша тұрған жеріне дейін ертіп барып, ақша талап еткен.

Жедел іздестіру барысында бопсалаушылардың барлығы қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына жабылды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Материал авторы