740

Әнші Өктем Алтайдың ұлы мемлекеттік сыйлық алды

Жастар арасында кеңінен танылған виолончелист құрметті награда иегері атанды.

Әнші Өктем Алтайдың ұлы мемлекеттік сыйлық алды
instagram.com/clvdeex

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Музыкант қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бағжан – белгілі өнер майталманы Өктем Алтайдың ұлы. Жас музыкант сыйлықты ата-анасына арнайтынын айтып, олардың еңбегін ерекше атап өтті.

«Бүгін мені «Дарын» сыйлығымен марапаттады. Бұл жетістікті бала кезден бастап маған жол көрсеткен анама және білім алуға мүмкіндік жасаған әкеме арнаймын. Құттықтаған баршаңызға алғыс айтамын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас өнерпазды құттықтап, қолдау пікірлерін қалдыруда. Олар Бағжанның еңбегі мен талантын жоғары бағалап, алдағы шығармашылығына табыс тіледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор