Семейдегі балабақшада тәрбиеші баланы бір сағат бойы тұншықтырған (ВИДЕО)

28.11.2025, 10:06
432
Семейдегі балабақшада тәрбиеші баланы бір сағат бойы тұншықтырған (ВИДЕО) бейнежазбадан

Ата-аналар қатігез тәрбиешіні жұмыстан шеттетуді талап етіп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейдегі «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінді тұншықтырған сәт бейнебақылауға түсіп қалған. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жағдай туралы Жетінші арна жеткізді.

Ата-аналардың сөзінше, тәрбиеші тыныштық сағаты кезінде психоречевиялық дамуы кешеуілдеген бес жастағы баланы «ұйықтату үшін» оның бетіне көрпе мен қолын басып, ауа жетуін шектеген. Арнайы камералар бұл әрекетті анық тіркеген.

Кадрларда 38 жастағы қызметкердің баланың бетін одеялмен жауып, қолымен қысып отырғаны көрінеді. Ата-аналар бұл әрекет бір сағатқа жуық уақытқа созылғанын айтады. Тәрбиеші декреттен кейін небәрі бірнеше ай жұмыс істеп, қайтадан еңбекке жарамсыздық парағына шығып, артынан тағы декреттік демалысқа кеткені белгілі болды.

Қалалық полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады. Балабақша басшылығы тәрбиешінің уақытша жұмыстан шеттетілгенін растады. Ал ата-аналар оның бала тәрбиесімен айналысу құқығынан толықтай айырылуын талап етіп отыр.

«Ұлымды одеялмен басып, қолымен бет-аузын жауып, тұншықтырған. Видеода тек бес минут қана көрінеді, ал шын мәнінде бұл әлдеқайда ұзаққа созылған. Сұрағанда “ол осылай ұйықтайды” деп шығарып салды. Біздің талабымыз – істі сотқа жеткізу және оны қайтадан балалармен жұмыс істеуге жолатпау», – дейді баланың анасы.

Оқиға баланың психологиялық жағдайына да ауыр соққы болған. Ата-анасы тәрбиешінің ең қатаң жазалануын талап етеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады