Фермерлердің 90%-ы gosagro.kz жүйесі арқылы тиісті төлемдерді ала алмады – депутат

12.04.2023, 18:43
793
Фермерлердің 90%-ы gosagro.kz жүйесі арқылы тиісті төлемдерді ала алмады – депутат smartnews.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетілмеген жүйені іске қосып, жауапсыз шешімі салдарынан ел ауқымында 40 мыңнан астам шаруа зардап шегуі мүмкін. Аталған мәселені Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров көтерді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес бүгінде субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 6,1 млрд теңгеге 1,5 мың өтінім мақұлданған. Ал өткен жылы 57,5 млрд теңгеге мақұлданыпты. Осылайша өткен жылмен салыстарғанда небәрі 10 пайыздан аса сома ғана төленгенін көріп отырмыз. Бұл дегеніміз фермерлердің 90%-ы gosagro.kz жүйесінің жұмысынан тиісті төлемдерді ала алмады. Сонымен қатар 51,4 млрд теңге ел экономикасын толықтырған жоқ», - Айдарбек Ходжаназаров Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің отырысында.

Оның айтуынша, бұл жыл басындағы жағдай, егер жүйе жұмысы осы жалғасатын болса, 12 айдың қорытындысы бойынша gosagro.kz 287 млрд теңгенің (2022 жылғы көлем) небәрі 31 млрд теңгесін ғана төлеп үлгереді.

«Көпшілігіңіз үшін бұл жай ғана сандар болуы мүмкін, бірақ осы қаражатқа мұқтаж жандар, бизнес көздері мен жұмыс орындары бар. Олардың саны қанша? 40 мыңнан астам ауыл шаруашылығын өндіруші болжамды түрде 256 млрд теңге көлеміндегі тиісті төлемін ала алмай қалады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің нарыққа жетілмеген жүйені іске қосу бойынша жауапсыз шешімі салдарынан ел ауқымында 40 мыңнан астам шаруа зардап шегеді», - дейді ол.

Сондай-ақ, халық қалаулысы, gosagro.kz жүйесі 60 млрд теңге сомасында 1,8 мың өтінімді немесе қаржыландыру көлемінің 37 пайызын кері қайтарғанын айтты.

«Қалыптасқан тәжірибе кері қайтаралған өтінімдер көлемі 1 пайыздан аспауы тиіс екенін көрсетеді. Бұл мәселе де жүйенің жұмысына қатысты», - деп толықтырды А. Ходжаназаров.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды