3577

Алматыда көлік жөндеу орталығы өртенді

Өрт сөндірушілер көліктерді құтқарып қалды.

Алматыда көлік жөндеу орталығы өртенді
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Бостандық ауданында орналасқан жеке автошеберханада таңсәріде өрт шықты. Оқиға Бальзак көшесіндегі бір қабатты көлік жөндеу орталығының екі боксында тіркелді.

Ведомствоның дерегінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, шеберханадан екі автокөлікті аман-есен шығарды. Машиналарға зақым келмеуі үшін оларды қызыл жалын таралмай тұрып эвакуациялаған.

Мамандардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта оқшауланып, көрші бокстарға өтпей тоқтатылды.

Материал авторы