2730

Астанада жол ортасында шешіне бастаған ер адам жындыханаға жіберілді (ВИДЕО)

Астанада жалаңаш ер адам ұсталды.

Астанада жол ортасында шешіне бастаған ер адам жындыханаға жіберілді (ВИДЕО)
instagram.com/astana__sergek

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жолдың қақ ортасында шешініп, көлік қозғалысын тоқтатуға тырысқан ер адам ұсталып, Психикалық денсаулық орталығына жеткізілді. Бұл туралы елордалық полиция мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адам бір қолын көтеріп, көліктерді тоқтатпақ болып, орталық көшелердің бірінде шешіне бастағаны көрінеді. Оқиға куәгерлері бұл сәтті түсіріп алған.

Патрульдік полицияның хабарлауынша, Жеңіс даңғылы бойында жалаңаш жүрген ер адам туралы хабар түнде түскен. Тәртіп сақшылары дереу келген бойда оны ұстап, қалалық Психикалық денсаулық орталығына жеткізген.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор