Қарағандыда екі автобустың соқтығысуына кінәлі жүргізуші сотталатын болады

12.04.2023, 20:17
407
Қарағандыда екі автобустың соқтығысуына кінәлі жүргізуші сотталатын болады Видеодан алынған кадр

Қарағандыда екі автобус соғылып екі адам мерт болды. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді. Қайғылы жағдайға 32 жастағы автобус жүргізушісі кінәлі деп табылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 25 қарашасында Қарағандыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды.

Мерседес-Бенц жолаушылар автобусының 32 жастағы жүргізушісі Саран қаласы жағынан Қарағанды қаласы Баженов көшесіне қарай жүріп келе жатып, көпірде қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Yuntong жолаушылар автобусымен бетпе-бет соқтығысқан.

«Апат салдарынан Yuntong автобусының жүргізушісі мен Мерседес-Бенц автобусының жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Бес жолаушы ауыр дене жарақатын алды, он жолаушы орташа дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша жол-көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты тергеу аяқталды және соттың қарауына жіберілді», - деді Қарағанды облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры генераан Файзуллин.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған автобус жүргізушісі үй қамауында. Оның кінәсі мойындалған жағдайда, кем дегенде 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өз кезегінде облыстың бас полицейі жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау, жолдарда өте мұқият және сақ болу керектігін еске салды. Сондай-ақ, ол көлік құралын басқару кезінде қауіпті маневрлер жасау мен күрт тоқтаудан абай болу керек екенін еске салды.

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?