2952

Алматы әуежайында жаңа туған сәбилерді саудалағандар ұсталды

Баланы шетелдіктер сатып алмақ болған.

Алматы әуежайында жаңа туған сәбилерді саудалағандар ұсталды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жаңа туған нәрестелерді саудалауға қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода шетелдік азаматтардың әуежайда ұсталғаны көрсетілген. Жұп суррогат анадан туған бірнеше нәрестені алып, Қазақстаннан шығуға әрекеттенгені айтылады.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады. Тергеу басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен – кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша іс қозғаған.

Полицияның мәлімдеуінше, тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабына сәйкес, істің барлық мән-жайын толық әрі объективті зерттеу тәртібімен жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ведомство ҚПК-нің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің материалдары жария етуге жатпайтынын ескертті.

Материал авторы