Солтүстікке көшіп барғандарға берілетін ақшалай қолдау көлемі өсті

01.12.2025, 11:29
4286
Солтүстікке көшіп барғандарға берілетін ақшалай қолдау көлемі өсті SMARTNEWS.KZ коллажы

Тұрғын үй сатып алуға толық қолдау беріліп, жұмыспен қамту және оқыту шаралары жасалмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарға берілетін тұрғын үй сертификатының мөлшері 2026 жылдан бастап ұлғаяды. Үкімет шешімі бойынша, экономикалық мобильдік сертификаты 1 625 АЕК көлемінде болады. Бұл – 7 028 125 теңге.

Бүгінде еліміздің солтүстігіндегі бірнеше облыс еңбек күші жетіспейтін аймақ ретінде көрсетілген. Осы тапшылықты жабу үшін мемлекет еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударуға дайын азаматтарға қолдау көрсетеді.

Бағдарлама аясындағы негізгі төлемдер:
— көшуге арналған субсидия;
— жалдамалы баспана мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу;
— тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильдік сертификаты.

2026 жылдан бастап сертификаттың көлемі ғана емес, қолдану тәртібі де өзгереді. Бұрын ол тек баспана құнының 50%-ын өтейтін, әрі ең жоғарғы шегі 1 160 АЕК болатын (4,56 млн теңге). Енді азаматтар сертификатты үйдің толық бағасын өтеуге пайдалана алады. Егер баспананың құны сертификаттан төмен болса, төлем нақты бағасы бойынша жүргізіледі.

Қалған қолдау шаралары бұрынғы күйінде:
— көшуге арналған төлем – 70 АЕК (302 750 теңге) әр адамға;
— жалдау мен коммуналдық шығындарды өтеу – 15-30 АЕК (64 850–129 750 теңге) отбасыға.

Сонымен қатар бағдарлама қоныс аударушыларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді, бизнес бастауға қолдау көрсетуді және қысқа мерзімді оқыту курстарына жолдауды қарастырады.

Жүйеде жұмыс берушілерге де ынталандыру бар: егер олар азаматтың қоныс аударуына көмектессе, 400 АЕК көлемінде (2026 жылы – 1 730 000 теңге) субсидия алады.

Бағдарлама бойынша келесі жылы 9 653 адамды көшіру жоспарланған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады