2954

Жамбыл облысында 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыз зорланып, жүкті боп қалды

Қыздың анасы тергеудің ұзақ уақыт бойы жылжымай тұрғанын айтты.

Жамбыл облысында 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыз зорланып, жүкті боп қалды
kazakhstan.unfpa.org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Қордай ауданында 14 жастағы менталдық бұзылыстары бар қызды екі рет ұрлап, сексуалдық зорлық көрсетілгені белгілі болды. Бұл туралы отбасы арызданған соң мәлім болды.

Отбасының айтуынша, мамыр айында белгісіз адам жасөспірімді көлікке салып әкетіп, қонақүйге апарып зорлаған. Кейін оны үйінің маңына тастап кеткен. Полицияға арыз беріліп жатқан кезде қыз тағы бір рет ұрланып, қайтадан зорлық көрген. Біраз уақыттан кейін жасөспірімнің жүкті екені анықталды.

Қыздың анасы тергеудің ұзақ уақыт бойы жылжымай тұрғанын, күдіктілердің ұсталуына шара жасалмағанын айтады. Қоғамдық ұйымдарға жүгінгеннен кейін ғана отбасы уақытша Алматыдағы орталыққа орналастырылған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жасөспірім «жеңіл ақыл-ой кемістігі» диагнозына байланысты үйде оқытылады. Қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау шаралары бақылауға алынған.

Полиция 22 қыркүйекте арызды тіркеп, істі ҚР ҚК 122-бабының 1-бөлігі («16 жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер») бойынша қозғаған. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Тергеу әлі жалғасып жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор