Ақтөбедегі кафе дәретханасында ер адам жасөспірім қызды зорламақ болды
Әйелдер әжетханасына баса-көктеп кірген ер адамға сот үкім шығарды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбедегі бір кафе ішінде жасөспірім қызға шабуыл жасалып, оны зорлау әрекеті тоқтатылды. Оқиға әйелдер туалетінде болған. Бұл туралы сотта жарияланған деректерге сүйеніп Диапазон басылымы мәлімдеді.
Сот дерегінше, жәбірленуші дәретханада болған сәтте есік қағылған. Қыз «бос емес» деп жауап бергеннен кейін, ер адам кабинаның құлпын сындыру үшін қолындағы шанышқыны пайдаланып, ішке баса-көктеп кірген. Ол қызды тамағынан шанышқымен қысып ұстап, омырауына қол тигізіп, киімін шешуге әрекеттенген. Қыз айқайлап көмек сұрағанда, оның дауысын естіген келушілер дереу жетіп, күдіктіні ұстап қалған.
Тергеу барысында ер адамның әйелдер дәретханасына әдейі кіріп, шабуыл жасамас бұрын өзге кабиналарды бір-бірлеп тексергені анықталды. Барлығы бос екенін көрген соң, дәл осы кабинаның құлпын сындырып кірген.
Сотталушы өзіне тағылған айыптарды толық мойындады. Ақтөбе қаласындағы №2 соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол зорлауға оқталу бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Материал авторы