3211

Астанада қаржыгер қолы бос кезде есірткі таратумен айналысқан

Күдікті 14 пакетті синтетикалық затпен ұсталды.

Астанада қаржыгер қолы бос кезде есірткі таратумен айналысқан
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 36 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қалалық компанияда қаржыгер болып жұмыс істейтін болса, демалыс күндері синтетикалық есірткі таратуға қатысып келген деп күдікке ілінді.

Полиция мәліметінше, күдіктінің автокөлігін тексеру кезінде 14 орамға оралған кристалл тәрізді альфа-PVP тәркіленген. Қосымша анықталғандай, ол қала бойынша тағы 10 орамды алдын ала орналастырған.

Қазіргі таңда күдіктінің әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Материал авторы