Абай облысында әріптесін пойызда ұрған ер адам жазаланды

Азиз Қалижан Редактор
02.12.2025, 15:50
2744
Абай облысында әріптесін пойызда ұрған ер адам жазаланды Pixabay.com

Жанжалдың соңы жұдырық жұмсауға дейін жеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында жұмысқа вахталық әдіспен баратын қызметкерлер мінген пойызда әріптесін ұрып-соққан тұрғынға сот жаза тағайындады. Қылмыс жасаған 38 жастағы ер адам бүгінде қоғамдық жұмыстарды орындап жүр.

Ведомствоның дерегінше, пойыз вагонында әріптестер арасында сөз қайшылық туып, ер адам жанжал кезінде қарсы алдындағы қызметкерін бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші түрлі жарақат алған. Сот кінәліні айыпты деп танып, 90 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттеді.

Ол Аягөз аудандық пробация қызметіне есепке алынды. Мамандар оған жазаны өтеу тәртібін, құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, сот белгілеген жұмыстан жалтарған жағдайда қандай жауапкершілік болатынын ескертті.

Сөзіне қарағанда, ер адам ажырасқан, бір кәмелетке толмаған баласы бар, қазір ата-анасының қолында тұрады. Жазаны орындау үшін оны жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналастырған. Қызметкерлер оның міндеттерін адал атқарып, еңбек тәртібін сақтап жүргенін айтады. Пробация қызметі оның жұмысын тұрақты бақылауда ұстайды.

Қызмет басшысы Ермек Қалиевтің айтуынша, мұндай шаралар сот үкімін орындаумен қатар, қайталанатын құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Өз кезегінде сотталған азамат:

«Бір сәттік ашу тыныш өмірімді шайқалтты. Қандай агрессия болса да, оның заң алдындағы салдары болатынын түсіндім. Жазамды толық атқарып, мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеймін» деп мәлімдеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады