Қарағандылық әйелді өз қызының той күнінде күйеуі азаптап өлтірді (ВИДЕО)
Марқұмның қызы жылдар бойы жалғасқан зорлықты ашып айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда қылмыстық істер жөніндегі арнайы сот азаматтық некедегі серігін өлтірген ер адамға 18 жыл қатаң режимдегі жазаны тағайындады. Оқиға туралы Patriot басылымы жазды.
Қанды оқиға Сортировка шағынауданында болған. Ер адам мен әйел бірнеше жыл бірге тұрған.
25 маусымда әйел қызының тойына үсті-басы көгеріп келген. Туыстары бұл жарақатты сотталушының соққысынан болды деп отыр. Сол күні түнде ол үйіне оралғаннан кейін аз уақыттан соң полиция оны ауыр жарақатпен тапқан. Дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады. Марқұм жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.
Іс материалдарына қарағанда, әйел түнгі екілер шамасында үйге кірген, үш сағаттан кейін қызына оның қаза тапқаны туралы хабар жеткен. Той күні қыз үшін анасының қазасымен тұспа-тұс келді.
Сотталушы тергеу кезінде өз әрекетін «өз-өзін қорғау» деп түсіндіруге тырысқан. Айтуынша, әйелі тойдан кейін оның үстіне тап берген. Бірақ сотқа ұсынылған дәлелдер бұл нұсқаны жоққа шығарды. Тергеу ер адамның оқиға ізін жасырмақ болғанын да анықтады.
Полиция жеткенде жәбірленуші әлі тірі болған. Дереу жедел жәрдем шақырылғанымен, ауыр жарақат оны құтқаруға мүмкіндік бермеді.
Ер адам апелляцияға шағым түсіріп, өзін-өзі қорғағанын қайта алға тартуда. Ал марқұмның қызы, керісінше, жазаны күшейтуді сұрайды. Ол анасының ұзақ жылдар бойы жүйелі зорлық көргенін айтады.
«Қалайша өзін-өзі қорғау дейді? Анам бойы аласа, әлжуаз болатын. Сотталған адам түрмеден қайта шыққаннан кейін олар қайта қосылды, сол кезде анамның барлық тісі сынған еді. Анамның денесінің бәрі шрам болатын», – дейді қызы.
Материал авторы