584

Қазан мектебінде қарудан оқ жаудырған Ильназ Галявиев өмір бойына сотталды

Татарстанның жоғарғы соты Қазандағы мектепте қарудан оқ жаудырған Ильназ Галявиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қазан мектебінде қарудан оқ жаудырған Ильназ Галявиев өмір бойына сотталды
Егор Алеев/ ТАСС

«Галявиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалсын», - деді судья.

Қазан қаласындағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев 2021 жылдың 11 мамырында аталған білім ошағында атыс ұйымдастырды. Салдарынан 9 адам қаза тапты – жеті оқушы мен екі мұғалім.
Іс бойынша 667 адам жәбірленуші деп танылды. Сотта Галявиев өз кінәсін мойындады.