«Позор ғой мынау!»: Ермұрат Бәпи вице-премьер Қанат Бозымбаевқа өткір сауал қойды

03.12.2025, 12:38
2444
«Позор ғой мынау!»: Ермұрат Бәпи вице-премьер Қанат Бозымбаевқа өткір сауал қойды SMARTNEWS.KZ коллажы

Ресей мен Беларусь тауарлары нарығымызды жаулап алды дейді Бәпи.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжілісте депутат Ермұрат Бәпи Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа мемлекеттік қаржымен ашылған отандық өндіріс орындарының жартылай қуатта ғана жұмыс істеуіне қатысты өткір сауал жолдады. Сәрсенбілік отырыста депутат импортқа тәуелділіктің артқанын сынап, Үкіметтен нақты шара талап етті.

Бәпи еліміздің өз өнімін шығаратын кәсіпорындарды қолдау саясаты қағаз жүзінде қалып отырғанын айтты.

«Мемлекеттік несиелермен салынған кәсіпорындар 40-50 пайыз қуатпен жұмыс істеп тұр. Бюджет қаржысына зауыт саламыз да, кейін оларды нарықтан лақтырып тастаймыз», — деді депутат.

Ол әсіресе азық-түлік нарығындағы жағдайды өткір сынға алды.

«Нарықты Ресей мен Беларусь тауарлары жаулап алды. Ит емес, кит өлген Жаңа Зеландиядан сары май тасимыз. Тоңазытқышы жоқ қазақ қарынға салып май жасаған халықпыз. Мынау позор ғой, кит өлген Жаңа Зеландиядан май тасу деген. Өз зауыттарымыз тоқтап тұрғанда Балтық елдерінен май әкелу — сорақылық», — деді Бәпи.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттік құрылыс жобалары үшін салынған зауыттар да банкроттың алдында тұр.

«Самұрық-Construction салдырған кәсіпорындарда айналым жоқ. Үкіметтің бұл мәселеде монолитті ұстанымы байқалмайды. Мемлекеттік бағдарлама қажет», — деп түйді ол.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев депутат сауалына әзіл араластырып жауап берді.

«Бұл сұраққа бір ауыз сөзбен жауап беру мүмкін емес. Айтқандарыңыздың бір бөлігі — популизм, бір бөлігі — шынымен де экономикалық күрделі мәселе», — деп күлді ол.

Бозымбаев отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетті болуы бірінші кезекте өздеріне байланысты екенін айтты.

«Сүт бағытында қаншама субсидия берілді. Сүт зауыттарына да көмек көрсетіліп жатыр. Бірақ әлі ішкі сұранысты толық жаба алмай отырмыз», — деді вице-премьер.

Ол отандық өнім өндірушілерді қолдаудың жаңа механизмі іске қосылып жатқанын хабарлады.

«Заңға өзгерістер енгізілді. Енді барлық өндіруші ‘Отандық өнім реестріне’ енгізіледі. Реестрге кірген компаниялар Самұрық-Қазына мен мемлекеттік органдар тарапынан преференциялар алады», — деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға 6 триллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.

«Соның шамамен 2 триллионы отандық өндірушілердің тауарларын сатып алуға бағытталады. Құбыр, трансформатор, электр желісі — бәрі алдымен өзімізден алынады», — деді ол.

Дегенмен вице-премьер бұл қадамдардың кейбірі әлі халықаралық міндеттемелерге толық сай келмейтінін мойындады.

«Әр тауар бойынша жеке шешім керек. Жүйелі жұмыс жүріп жатыр», — деп жауап берді Бозымбаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды