Әлімханұлының допинг дауына министрлік пікір білдірді
6 желтоқсанда өту керек жекпе-жек тоқтатылды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, вице-министр Серік Жарасбаев Мәжіліс отырысының кулуарында Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікірін жеткізді.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда министрлік спортшының командасымен байланыста, бірақ антидопинг ұйымдарының мәліметіне сәйкес Әлімханұлының сынамасында мелдоний анықталған. Бұл себептен жекпе-жек ережелерге сай тоқтатылды.
«Біз Жәнібек Әлімханұлының допинг қолданбағанына сенеміз және бұл жағдайдың қалай орын алғанын антидопинг ұйымдары анықтауы тиіс. Қорытындыға асықпаймыз. Толық тексерістен кейін ғана салдарлары белгілі болады. Министрлік спортшыға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, қажет болса халықаралық сарапшыларды тартамыз», – деді Жарасбаев.
Вице-министр титул қайта қаралатын-балмайтыны туралы да пікір білдіріп, «Барлық нәтиже және салдарлар тек допингтің ағзаға қалай түскені анықталғаннан кейін белгілі болады. Түсіндіруді спортшы мен оның командасы беруі тиіс», – деп қосты.
Еске салсақ, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы үш титулға жекпе-жек алдында допинг дауына іліккені белгілі болды. WBO ресми түрде оң нәтиже көрсеткенін хабарлап, тексеріс басталды. Спортшы өзін кінәлі емес деп мәлімдеп, екінші сынаманың қайта тексерілуін сұрады. Бүгін оның командасы да ресми мәлімдеме жасады.
Материал авторы