1695

Ақтөбелік жасөспірім анасын өлтіргенін мойындады

Баланың әжесі жараланып, анасы көм жұмған.

Ақтөбелік жасөспірім анасын өлтіргенін мойындады
Getty Images/Daniel Allan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталып, әжесіне пышақ жарақатын салғаны анықталды. Облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, жедел кезекшілік бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінде ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зорлық белгілері бар әйелдің мәйітін тапқан.

Сол үйден пышақ жарақаттарымен қарт әйел ауруханаға жеткізілді.

Күдікті жасөспірім дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Полиция оның кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Қылмыстың барлық мән-жайы тергеліп жатыр.

Материал авторы