Тағы да Талғар: Жаппай төбелес бойынша іс қозғалды
Полиция топтық шабуыл дерегін тергеп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғар маңында жігітті топ болып соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы облыстық полиция департаменті екі күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, іс «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелген. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.
Полиция өзге қатысушыларды да іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Облыстық департамент тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін атап өтті.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор