SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 желтоқсаннан бастап полицейлер жүргізушілердің жеке деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі арқылы негізсіз тексере алмайды. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.
Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті патрульдік планшеттер арқылы жүргізілетін тексерістерге шектеу қойды. Бұдан былай полицей ЖСН енгізген сәтте оның әрекеті жүйеде автоматты түрде тіркеледі және кейін өшіруге немесе түзетуге келмейді. Яғни қызметкер ЖСН-ді енгізсе, міндетті түрде хаттама рәсімдеуі тиіс.
Комитет түсіндіргендей, бұл өзгеріс жүргізушілерден түскен көп шағымнан кейін қабылданған. Азаматтар полицейлердің Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі арқылы олардың жұмыс орнын, үй мекенжайын және телефон нөмірін қарап жүретінін айтып, наразылық білдірген.
1 желтоқсаннан бастап патрульдік полиция Реестрге тек жол қозғалысы ережесін бұзу анықталған жағдайда ғана жүгінеді. Протокол толтыру және жаза тағайындаудан басқа ешқандай операция жасауға рұқсат берілмейді.
Айта кетейік, жол-патрульдік қызметті планшеттермен жаппай жабдықтау Қазақстанда 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді.
RUS