Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 89 жаңа мектеп салынып жатыр

04.12.2025, 10:08
2480
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 89 жаңа мектеп салынып жатыр SMARTNEWS.KZ коллажы

Мемлекет тәркіленген қаржыны мектеп салуға жұмсауда.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мектеп салынуда. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

Президент тапсырмасымен құрылған және коррупциялық жолмен алынған мүлікті өткізу арқылы толықтырылатын Білім инфрақұрылымын қолдау қоры оқу орындарындағы орын тапшылығын азайтуға бағытталған жобаларды қаржыландырып келеді. Қор қаражаты жаңа мектептер тұрғызуға, ескі ғимараттарды жаңартуға және қосымша корпустар салуға жұмсалуда.

Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутовтың айтуынша, басты мақсат – балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім ортасын қалыптастыру. Оның мәліметінше, қазіргі таңда жалпы сыйымдылығы 86 мың оқушыны қамтитын 77 мектеп пайдалануға берілген. Нысандардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астанада орналасқан.

Білім министрлігінің дерегіне сәйкес, қор қаражаты есебінен барлығы 100 мыңға жуық оқушыға арналған 89 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды