1426

Түркістан әкімдігі 100 млн теңгелік видео келісімшартын тексереді

Түркістанда қымбат келісім-шартқа қатысты жан-жақты тексеру басталды.

Түркістан әкімдігі 100 млн теңгелік видео келісімшартын тексереді
pixabay.co,

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соңғы күндері әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімдігі қысқа видеороликке 100 млн теңге бөлетіні туралы ақпарат тарады. Видео ұзақтығы 3-тен 7 минутқа дейін болмақ және қазақ халқы мен мемлекеттілігінің тарихын қысқаша баяндауы тиіс.

Желі қолданушылары қаражат көлеміне қатысты сұрақтарын ашық білдірді.

«Жоба жақсы, бірақ бағаға көп сұрақ бар», — деп жазған автор.

Бұл жағдайға әкімдік те өз пікірін білдірді. Облыс әкімі Нұралхан Күшеров келісім-шарттың барлық шарттары мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын тексеруді тапсырған.

«Бақылау келісім-шарттың әділ негізде жасалғанын және қаржыландырудың ашықтығын анықтауға бағытталған», — деді әкімдік өкілдері. Тексеру қорытындысы кейінірек жарияланбақ.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор