Алматыда жер сілкінісі тіркелді
Қала тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама жолданды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда бүгін, 4 желтоқсанда, жер сілкінісі тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дүмпу Астана уақыты бойынша 12:45-те Қазақстанның Біріңғай сейсмикалық станциялар желісі арқылы анықталған. Қала тұрғындарына ресми ескерту хабарламасы жолданды.
Алғашқы деректер бойынша, зардап шеккендер мен қирау фактілері тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта сейсмологтар дүмпудің параметрлерін нақтылап жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші