3974

Алматыда 11-қабаттан құлаған адам қаза тапты (ВИДЕО)

Трагедиялық жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда 11-қабаттан құлаған адам қаза тапты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 3 желтоқсан күні Алмалин ауданындағы «Арбат» тұрғын үй кешенінде адам 11-қабаттан құлап қаза тапты. Оқиға орнының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Департаменттің хабарлауынша, аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелді. Мақсат пен нақты жағдайлар тергеу барысында анықталмақ.

Материал авторы