4109

Екібастұздағы кафеде екі қыз төбелесіп, біреуі сотталды

Қыздар арасындағы қақтығыс сот арқылы шешілді.

Екібастұздағы кафеде екі қыз төбелесіп, біреуі сотталды
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екібастұз қаласындағы кафелердің бірінде екі қыз арасындағы қақтығыс қоғамдық орындағы тәртіп бұзушылыққа ұласты.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға алкогольдік ішімдік әсерінен туындаған, ал қақтығысқа қатысқан қыздар бір-біріне бірнеше соққы жасап, шаштарын ұстап тартыпты.

Оқиға басқа келушілердің көз алдында болып, қызметкерлердің араласуымен тоқтатылды. Сот материалдарын қарап, бір қызды кінәлі деп танып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде түзету жұмысына тағайындады. Сонымен қатар, ол пробация қызметінде есепте тұр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор