Енді Алматының тау бөктерінде құрылыс салуға толық тыйым салынады

08.12.2025, 09:34
1128
Енді Алматының тау бөктерінде құрылыс салуға толық тыйым салынады @mazhilis_kz

Елімізде құрылыс саласына қатаң сүзгі енгізіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының тау бөктерінде құрылыс салуға толық тыйым салынады. Бұл шектеу жаңа Құрылыс кодексінде бекітілді, құжаттың нормалары келесі жылдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 24KZ арнасының «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Депутаттың сөзінше, Президент 2020 жылы-ақ тау бөктерін қорғау жөнінде нақты тапсырма берген. Енді жаңартылған Құрылыс кодексінде ғана емес, Жер кодексінде де сел, лай көшкіні қаупі бар аймақтарға жер беру немесе құрылысқа рұқсат етуге түбегейлі тыйым енгізілген.

Сонымен қатар Базарбек құрылыс нарығындағы лицензиялау жүйесінің сапасына күмән келтірді. Елде 240 мың сертификат пен 150 мыңға жуық құрылыс лицензиясы бар, алайда олардың бір бөлігі ашық саудаға айналып кеткенін жасырмады.

Оның айтуынша, кез келген компания 3–4 млн теңгеге екінші деңгейлі лицензияны сатып ала алады. Мұндай заңсыздықты шектеу үшін жаңа ақпараттық портал әзірленіп жатыр. Авторлық және техникалық қадағалаушысы, жобалаушылары жоқ компаниялардың лицензиясы кері қайтарылады.

Адал емес құрылыс фирмаларының арнайы реестрі де жасалған. Тізімге енген ұйымдар үш жыл бойы үлестік құрылысқа қатыса алмайды әрі кез келген құрылыс қызметінен шеттетіледі.

Жаңа Құрылыс кодексін Мәжіліс мақұлдап, құжатты Сенатқа жолдады. Заң жобасын дайындау кезінде жұмыс тобы 75 рет жиын өткізіп, 2 мыңнан астам түзету енгізілді. Нәтижесінде бастапқы жоба 85% жаңартылған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды