Мажарстан Еуроодақтың ресейлік мұнай-газға қатысты тыйымын тоқтатпақ

08.12.2025, 10:18
1188
Мажарстан Еуроодақтың ресейлік мұнай-газға қатысты тыйымын тоқтатпақ SMARTNEWS.KZ коллажы

Будапешт Ресей мұнайы үшін күресіп, сотқа жүгінбек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мажарстан Еуроодақтың Ресейден мұнай мен газ импорттауға тыйым салу жоспарын бұғаттайтынын мәлімдеді.

Мажарстан мен Словакия RePowerEU бағдарламасы аясындағы ресейлік энергоносительдерден толық бас тарту жөніндегі бастаманы жоюды талап етіп, Еуропалық сотқа шағым түсіруге ниетті. Бұл туралы Мажарстанның сыртқы істер министрі Петер Сийярто хабарлады.

«Мұндай тыйым Мажарстан мен Словакия үшін энергиямен тұрақты қамтамасыз етуді мүмкін емес етеді, ал бағаның күрт өсуіне әкеледі», — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Сийярто ЕО жоспарын «заңдық айла-шарғы» деп атады, себебі құжат бір ауыздан қолдауды талап етеді.

Екі мемлекет те ресейлік мұнай мен газды «Дружба» және «Түрік ағыны» құбырлары арқылы алады. 3 желтоқсанда ЕО кеңесі мен Еуропарламент ресейлік газ импортына кезең-кезеңмен тыйым салатын регламент бойынша алдын ала келісімге келді: сұйытылған газға — 2026 жылдың соңынан, құбырлық газға — 2027 жылдың күзінен бастап. Қорытынды шешім 18 желтоқсанда өтетін Еуропалық кеңес отырысында қабылданады. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды