SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында 7 желтоқсан күні таңертең Самара–Шымкент тас жолының 1024-ші шақырымында болған жол апатында бес шетел азаматы қаза тапты. Автобус Өзбекстан азаматтарын тасымалдай отырып, Пермьден Ташкентке бағыт алған.
Алдын ала болжам бойынша, апат автобустың қозғалыс бағытына қарай оңға аударылуынан орын алған. Автобуста барлығы 49 адам болған, олардың ішінде бесі мерт болып, 11 жолаушы әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алып, Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Ақтөбе облысы полиция департаменті апат себептерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
RUS