2133

Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады

Астанада «Қайраттың» шешуші матчы өтеді.

Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады
instagram.com/f.c.kairat

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік Livesport.ru алаңы 9 желтоқсанда Астанада өтетін «Қайрат» — «Олимпиакос» кездесуіне қатысты болжамын жариялады.

Болжам авторлары алматылық клубтың турнирлік жағдайын, соңғы ойындардағы нәтижесін және ойыншылар құрамындағы шығындарды талдай отырып, матч сценарийінің алдын ала айқын екенін айтады.

«Қайрат»

Бір ұпайы бар «Қайрат» жалпы кезеңнің турнир кестесінде 35-орында. Плей-офф аймағынан небәрі бес ұпайға кейін қалып отыр. Команда Қазақстан біріншілігінде маусымды чемпион ретінде аяқтағанымен, соңғы нәтижелері оңып тұрған жоқ.

Бесінші турдағы соңғы ойында «Копенгагенге» сырт алаңда 2:3 есебімен есе жіберді. Оған дейін «Интерден» 1:2 есебімен ұтылды.

Құрамдағы жағдай да күрделі: Арад, Элдер Сантана мен Жоан Паулу жарақат алған, Сатпаев – дисквалификацияда. Соңғы төрт матчта екі тең ойын, екі жеңіліс тіркелген. Livesport.ru бұл көрсеткіштің алаң иелеріне аса сенім бермейтінін жазды.

«Олимпиакос»

Екі ұпайы бар гректік клуб 33-орында. Плей-офф аймағынан төрт ұпай кейін, бірақ «Қайратты» бір ұпайға алда келеді.

Грекия чемпионатында 13 турдан кейін көш бастап тұр: ПАОК-тан бес ұпай алда.

Соңғы ойында «Олимпиакос» өз алаңында ОФИ Критті 3:0 есебімен жеңді. Одан бұрын Грекия кубогында да айқын басымдықпен ұтқан — «Эллас Сиру» командасын 5:2 есебімен.

Жарақат — негізгі мәселе: Ангелакис, Кабелла, Манча, Оньемаечи, Пасхалакис, Рецос, Везу, Языджи — бәрі қатардан тыс. Бірақ команда соңғы үш матчта да жеңіске жеткен. ЧЛ-дағы үздік сұрмерген — Айюб Эль-Кааби (2 гол).

Статистикалық ескертулер:

«Қайраттың» соңғы үш матчында да екі команда гол соққан;

Соңғы алты кездесудің төртеуінде алматылықтар жеңілген жоқ;

«Олимпиакостың» сырт алаңдағы соңғы төрт матчының үшеуінде 3,5 голдан көп тіркелген.

Болжам: Livesport.ru пікірінше, екі команда да гол соғады. Соңғы ойындар үлгісі де осы бағытты көрсетеді.

Материал авторы