1867

Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты

Көршіге барып ішкен әйелдің күйеуі қамауға алынды.

Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты
Новосильцев Артур / АГН Москва

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде әйелін қызғанған ер адам пышақтап, қылмыстық жауапқа тартылды. Оқиға туралы «Диапазон» жазды.

Тергеу дерегіне қарағанда, таңертең көршісінің үйінен мас күйде, үстінде тек халаты ғана бар күйінде оралған әйеліне 41 жастағы ер адам қол көтерген. Ер адам алдымен жұбайының бетіне жұдырықпен соққан. Қорыққан әйел күйеуін қайтару үшін асүй пышағын қолына алған, алайда ер адам пышақты тартып алып, оның ішінен жаралаған.

Жәбірленуші іш қуысына түскен пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, ішкі органдар зақымданбаған.

Сотта айыпталушы болған жайтты мойындады. Оның сөзінше, сол кеште ерлі-зайыпты бірге ішімдік ішкен. Түн ортасында әйелі үйден шығып кеткен, ал таңертең халатпен ғана оралған. Артынша үйге келген көрші оның киімдері мен кілтін әкеліп, әйелдің оларды ұмытып кеткенін айтқан. Осы жағдай ер адамның қызғанышын күшейтіп, жанжалға ұласқан.

Сот көршіні де тыңдады. Ол әйел өз үйіне келіп, бірге бір бөтелке арақ ішкендерін, содан кейін оның кетіп қалғанын айтты. Таңертең көрші киімдері мен кілтін жеткізгенін растады.

Сотта айыпталушы кешірім сұрап, мұндай әрекетке енді бармайтынын айтты. Әйел де көршімен бірге ішімдік ішкенін мойындап, емделіп шыққанын, күйеуін кешіргенін жеткізді.

Сот ер адамның жазасын қоғамнан оқшаулауда өтеуі тиіс деп шешті. Бұрын да сотталғаны ескеріліп, оған 3,5 жыл мерзім тағайындалды. Жазаны ол қатаң режимдегі мекемеде өтейді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор