Ақтау теңіз сауда портына халықаралық мәртебе берілмек

14.04.2023, 12:19
550
Ақтау теңіз сауда портына халықаралық мәртебе берілмек time.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ақтау теңіз сауда портына халықаралық мәртебе беру туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

 «ҚР Үкіметі қаулы етеді:

1. Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру.

2. «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.

3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Министрлік дерегінше, бұл бастама еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мақсатында қолға алынды.

«Жоба Мемлекет басшысының жаңа геосаяси жағдайларда Қазақстан Республикасының көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесі туралы 2022 жылғы 5 шілдедегі кеңестің қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. Осы жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді», - деп Үкімет қаулысына Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі түсіндірме берген.

Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшкін Премьер-Министрге жолданады.

Еске салайық, 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болды. Кейін Үкімет қаулысымен ол алынып тасталды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды