Шуда әйелді асқан қатігездікпен өлтіріп кетті деген күдікті қолға түсті
Әйелдің денесін өз ұлы тапқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында әйел адамды айуандықпен өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды. Марқұмның пышақ жарақаттарына толы денесін Шу қаласындағы өз пәтерінен оның ұлы тапқан. Анасы төрт күн бойы байланысқа шықпай қойған соң, ол Алматыдан әдейі жеткен.
Полицияның мәліметінше, күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол – Шу ауданында тұратын 35 жастағы ер адам. Тергеу оның марқұммен таныс болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда қылмыстың қандай себеппен жасалғаны әзірге айтылмады.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу органдары қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.
ПД Жамбыл облысының тергеу басқармасының өкілдері істің толық әрі объективті тергелетінін мәлімдеді.
Материал авторы