1431

Ақтауда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адам кісі қолынан қаза тапты

Марқұмның денесінен зорлық белгілері анықталды.

Ақтауда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адам кісі қолынан қаза тапты
instagram.com/lider.kz_aktau

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда жоғалып кеткен 33 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Полиция оның қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғады. Марқұмның денесінен зорлықпен өлтірілгенін айғақтайтын белгілер анықталған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, істің тұрмыстық жанжалдан туындағаны алдын ала болжанып отыр. Күдіктілердің кім екені анықталған.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, өңірдің Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Сағындық Аяғанов оқиға орнына өзі барып, тергеуді ерекше бақылауға алған. Қазіргі кезде күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Материал авторы