ШҚО-да балықшылар ажыраған мұз үстінде қалып қойды

14.04.2023, 13:15
458
ШҚО-да балықшылар ажыраған мұз үстінде қалып қойды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысында бөлініп кеткен мұз үстінде қалып қойған балықшыларға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 13 сәуірде кешкі уақытта Тарбағатай ауданында болған.

«Тұғыл ауылынан 3-5 шақырым жердегі Зайсан көлінде екі балықшы жұқа мұз бетіне шыққан. Кешке қарай қайтып келе жатқан кезде мұз бөлініп кетіп олар 500-800 метр қашықтықта тас қараңғыда жағадан жырақта қалып қойды. Балықшылардың көмек сұрап айғайлаған даусын сол маңда жүрген тұрғындар естіп қалған. Бірақ олардың нақты орналасқан жерін көрмеді. Ал мұзда қайықпен жүру мүмкін емес еді, жаяу жүру де қауіпті болды», - делінген ақпаратта.

Тұрғындар құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына шұғыл жеткен аудандық ТЖБ қызметкерлері резеңке қайықпен балықшыларға көмекке аттанды. Сонымен қатар Өскеменнен департаменттің жедел құтқару жасағының мамандары су мен батпақты жерлерде жүруге қабілетті, өтімділігі жоғары «Шерп» автокөліктерімен жолға шыққан.

«Балықшыларды құтқаруға бірнеше сағат қажет болды. Себебі борпылдақ мұз бен қараңғылық жағдайды қиындатты. Балықшылар жұқа мұзда тоңып, әбден әлсіреп қалған. Құтқарушылар мен қайыққа мінген жергілікті тұрғындардың бірлескен әрекеті арқасында 45 және 44 жастағы екі адам аман-есен жағаға шығарылды. Балықшыларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды