Астанада оқушы қызды ұрып-соққан баланың ата-анасы ірі көлемде өтемақы төлемек

09.12.2025, 16:19
1352
Астанада оқушы қызды ұрып-соққан баланың ата-анасы ірі көлемде өтемақы төлемек Shutterstock

Сот қыз баланың жарақаты мен моральдық қысымын растады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар арасындағы жанжал ауыр жарақатпен аяқталды. Мектеп оқушысы сыныптасын соққыға жығып, нәтижесінде қыз бала омыртқасының жабық сыну жарақатын алған. Бұл орташа ауырлықтағы дене жарақаты ретінде танылды. Оқиғаға қатысты істі елордалық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған сот қарады.

Сот мәліметінше, жарақат алған оқушы қыз ұзақ уақыт физикалық шектеулерге тап болған. Психолог қорытындысы да оның моральдық қысым мен күйзеліс өткергенін растады. Қыздың анасы моральдық шығын ретінде 1,5 миллион теңге өндіруді талап еткен.

Ал жауапкер тарап баланың кінәсін мойындағанымен, салдар «өте ауыр емес» деген уәж айтып, отбасындағы қаржылық жағдайды алға тартқан. Олар 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге дайын екенін жеткізген.

Сот тараптардың уәждерін зерттеп, дәлелдерді бағалай келе, істі ішінара қанағаттандырды. Шешім бойынша, жәбірленуші тарапқа 300 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілетін болды.

Қарар шығару барысында сот бірнеше факторды ескерді:
– зорлық көрсеткен бала 14 жасқа толмаған;
– әрекетті қасақана емес деп бағалаған;
– өтемақы мөлшері әділ әрі шамадан тыс болмауы тиіс;
– жауапкер отбасының материалдық жағдайы;
– жәбірленушінің моральдық зардап шеккені, бірақ оның шегіне жеткен немесе ерекше ауыр деңгейде болмауы.

Сот жәбірленушінің ата-анасына емдеу шығындарын кейін бөлек талап етуге болатындығын да түсіндірді. Шешім заңды күшіне енді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды