1281

Байқоңырда ұл бала әкесін сотқа беріп, жеңіп шықты

Енді ер адам ұлына ай сайын ақша беріп отырады.

Байқоңырда ұл бала әкесін сотқа беріп, жеңіп шықты
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Байқоңырда ерекше сот ісі болды. Жігіт әкесіне қарсы алимент төлеуді талап етіп, сотқа арызданды. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының ресми Telegram-арнасы мәлімдеді.

Сотқа түскен азаматтық іс бойынша ұл өз әкесінен оқу кезеңінде алимент төлеуді сұрады. Ол жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде білім алатынын атап көрсеткен.

Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келді. Келісім бойынша әкесі ұлына оқу кезеңінде ай сайын 21 АЕК мөлшерінде, яғни 82 572 теңге төлеуге міндеттелді.

Сот бұл келісімді бекітіп, іс өндірісін тоқтатты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор