1065

Қазақстан мен Ресей шекарасында магнитудасы 5 жер сілкінісі болды

Сейсмологтар 5 баллдық жер сілкінісін растады.

Қазақстан мен Ресей шекарасында магнитудасы 5 жер сілкінісі болды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 желтоқсан күні сағат 15:36-да Астана уақытымен Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінісі болды.

ҚР ҒМ Геофизика институтының деректері бойынша, сейсмикалық толқындар 5,0 магнитудаға жеткен. Сейсмологиялық энергияның классы K=11,8, сілкініс ошағы жер бетінен 4 шақырым тереңдікте орналасқан.

Еуропалық-теңіз орталығы мәліметі бойынша, эпицентр Ресейдің Алтай өлкесіндегі Ақташ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде болды.

Материал авторы