663

Маңғыстау пойызында жанжал шығарған шетелдік 5 тәулікке қамалды

Мас күйде айқайлаған жолаушы полиция талабына бағынбаған.

Маңғыстау пойызында жанжал шығарған шетелдік 5 тәулікке қамалды
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Маңғыстау – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары мас күйде жүрген 30 жастағы шетелдік азаматты ұстап, пойыздан түсірді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Полицияның мәліметінше, ер адам жол бойы агрессия танытып, аузына ие болмаған. Заңды талапқа бағынудан да бас тартқан.

Тәртіп бұзушы туралы акт толтырылып, ол қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу және мас күйде жүру, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ құқық қорғау қызметкерінің талабына мойынсұнбау баптары бойынша жауапқа тартылды.

Сот шешімімен шетелдік азаматқа 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Материал авторы