Енді Моңғолиядан қоныс аударған зейнеткерлерге қосымша мүмкіндіктер беріледі
Қазақстаннан Моңғолияға көшкен азаматтардың зейнетақысы да сол елге аударылады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батыр қаласында қол қойылған.
Құжат екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Заң жобасы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге, екі мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал етеді.
Келісім бойынша Қазақстан мен Моңғолия азаматтары қоныс аударған кезде екі елде жинақталған жұмыс тәжірибесі есепке алынады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржыландырылған төлемдер Моңғолияға көшкенде аударылады.
Зейнетақы тағайындау және төлеу тұрғылықты елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Материал авторы